Вакцина салдырмаған дәрігерлер жұмыстан шығарылады

Экспресс К

©Reuters/Amir COHEN

Италия билігі «Соvid-19 коронавирусына қарсы қабылдаған үкіметтік декретке» сай елдегі вакцина алмаған медицина қызметкерлерін жұмыстан босатуға рұқсат берді,деп хабарлайды ЭК.

Бұл жөнінде италиялық Ske TG24 телеарнасы хабарлады.

Коронавирусқа қарсы вакцина алуға Италияның мемлекеттік және жекеменшік медицина мекемелерінің қызметкерлері, дәріханалар мен әлеуметтік көмек көрсету қызметінің мамандары міндеттеліп отыр. Аталмыш құжатқа сай ендігі жерде италиялық барлық медқызметкер биылғы жылдың 31-желтоқсанына дейін вакцина салдырмаса, жұмыстан шығарылады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров