Оңтүстікте жанар-жағар май бағасы шарықтап тұр

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Кей бекеттерде дизель отынының литрі 300 теңгеден сатылып жатыр. Ал сұйытылған газ талонмен берілуде, деп хабарлайды ЭК.

Бұл ең алдымен қауын-қарбызын шетелге экспорттайтын шаруаларға қиындық тудыруда. Ал бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов "Бұл мәселелердің баршасы бір екі күнде тұрақталады", — деді.

"Кешеден бастап, жанармайды жіберу көлемі ұлғайтылды. Ақпарат бойынша, кеше 6,5 тонна дизель отыны жіберілді. Оның 1200 тоннасы Шымкент мұнай өңдеу базасына түсті. Ары қарай жанар-жағар май құю бекеттеріне жеткізіледі. Жағдай бір-екі күнде тұрақталады деп есептеп отырмыз", — деді Әсет Мағауов.

Министр баға мәселесінде де ешқандай өзгеріс болмауы қажет екенін айтты.

"Кей бекеттер қазіргі жағдайды пайдаланып, бағаны көтеріп отырған болуы мүмкін. Бірақ кейін түсіруге мәжбүр болады. Себебі, көтерме баға өзгерген жоқ", — деді министр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров