Дәрігер Алматыда тоққа түскен қыздардың денсаулығы туралы айтты

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Алматы циркі жанындағы субұрқақта тоққа түскен екі қыздың жағдайы жақсарып келеді, деп хабарлайды ЭК.

Бүгін Балаларға арналған шұғыл медициналық жәрдем орталығының Бас дәрігері Алуа Жексенова екі қыздың денсаулығы туралы айтты.

"19 маусымда сегіз және он жастағы екі қыз бала ауруханаға түсті. Екеуі де ауыр хәлде болды. Оларға шұғыл хирургиялық көмек көрсетілді. Сегіз жасар қыз жансақтау бөліміне жатқызылды. Бүгінде орташа ауыр хәлде жатыр. Ешқандай шағымы жоқ. Ал он жастағы екінші қызды бірінші дәрежелі күйік шалған. Қазір өзін жақсы сезінеді", — деді бас дәрігер.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы қаласындағы Цирк ғимараты жанындағы субұрқақта екі қыз бала мен бір әйел тоққа түсіп, оларды Абылай есімді жас жігіт құтқарып қалған еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров