Мобильді ақша аударымы үшін кімдер салық төлейді?


©ЭК/Андрей ХАЛИН
Қаржы вице-министрі Азамат Әмрин мобильді ақша аударымдарына салық салуға қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды ЭК.
Бүгін Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында тілшілер Қаржы вице-министрі Азамат Әмриннен "Мобильді ақша аударымына салық салу" мәселесі қалай реттеледі?" деп сұраған болатын.
"Мобильді ақша аудару — бүгінгі таңда азаматтарға өте ыңғайлы болып тұрған құрал. Осы мәселемен айналысып жатырмыз. Осы тұрғыда бизнестен ақша алуға қолданылатын карталар енгізілді. Азаматтар егер бір-біріне, туыстарына ақша аударса, ол үшін салық салынбайды. Бұл тек бизнес-аударымдарға ғана қатысты", — деді Азамат Әмрин.
Жыл басында ел үкіметі бизнес өкілдерінің банк қосымшасы арқылы онлайн төлем түрінде алатын табысына салық салу мәселесін көтергенін айта кетейік. Мысалы, Қаржы министрлігі алқасының отырысында премьер-министрдің орынбасары Әлихан Смайылов "Кәсіпкерлерге тұтынушылардан банктердің мобильді қосымшалары арқылы аударылған ақшаны тіркеу мәселесін шешуге ерекше назар аудару керек" деген еді.