Президент әйел мен балаларды құтқарған студентті марапаттады


Абылай Балапанов/facebook.com/Berik Uali
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы субұрқақта әйел мен екі қыз баланы құтқарып қалған студент Абылай Балапановты "Құрмет" грамотасымен марапаттады, деп хабарлайды ЭК.
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.
Мемлекет басшысы адамдардың өміріне қатер төнгенде көрсеткен асқан ержүректігі мен батылдығы үшін Абылай Балапановты Құрмет грамотасымен марапаттады,
Абылай Балапанов өткен демалыс күндері Алматы қаласындағы субұрқақтардың бірінде тоқ соғып, зардап шеккен әйел мен екі баланы құтқарып қалғанын айта кету керек. Ол Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курсында оқиды.