Салық бойынша берешегі бар кәсіпкердің бұғаты енді бірден шешіледі

Бек ТӨЛЕУОВ

Pixabay

Жаңа заңға сәйкес салық төлеуші берешегін төлегеннен кейін шотын бірден пайдалануға рұқсат етілетін болды, деп хабарлайды ЭК.

Пандемия салдарын азайту және іскерлік белсенділікті ынталандыру мақсатында жаңа салықтық өзгерістер қабылданған болатын. Тиісті заң жобасы Сенаттан өтті. Осы заңға сәйкес, алдымен арнайы мобильді қосымшаны қолданатын арнайы салық режимі енгізіледі.

"Заң жобасы жеке кәсіпкерді тіркеуді және қызметін тоқтатуды, салықтық міндеттемелерін орындауды жеңілдетуге бағытталған. Осы режимді тек қана оңайтылған декларацияны пайдаланатын жеке кәсіпкерлер қолдана алады. Яғни салықтық міндеттемелерді орындауды смартфон арқылы жүргізуге болады. Бұл өзгеріс 2022 жылдан бастап енгізіледі. Қазір салық органдары осы қосымшаны әзірлеп жатыр", — деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин.

Ол заң жобасында шотты бұғаттау мәселесі де қарастырылғанын айтты. Сонымен қатар, кәсіпкер берешегінің мөлшері 6 АЕК-тен төмен болса, онда оның шоттары бұғатталмайды.

Бұрын салық төлеуші берешегін төлесе, шотын үш күннен кейін, кейде бір аптадан кейін пайдалана алатын. Енді біз банктерге салық төлеуші берешегін төлегеннен кейін шотын бірден пайдалануға рұқсат бердік,

дейді Азамат Әмрин.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров