Үлкен Алматы айналма жолының мәселесі қаралды

Экспресс К

© Айтжан МҰРЗАНОВ

Алматы облысының әкімі амандық Баталов Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен түйісетін облыстық автожол құрылысына жауапты «Alsim Alarko» компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ЭК.

Облыс пен қаланы байланыстыратын 6 жолдың жалпы ұзындығы 36 шақырым. Аталмыш жобадағы жолдардың бесеуінің құрылысын мемлекеттік сараптама мақұлдаған. Абай, Саин, Рысқұлов, Тілендиев және Солтүстік жартылай айналма жолдарының жобасы дайын. Ал Ақын Сара көшесінің жобасына өзгертулер енгізілуде. Жалпы, жол жасау жұмыстарына мемлекет қазынасынан 2,7 млрд теңге бөлінген.

Бұдан өзге, "облыс басшысы мен "Alsim Alarko" компаниясының өкілдері келешекте облыс аумағында басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде өзара мәмілеге келгендігін" айтып отыр Алматы облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров