99 жастағы әже вакцина қабылдады

Нұрболат АДЫРБЕК

Алматыда қаланың ең қарт тұрғындарының бірі, 99 жастағы әже вакцина қабылдады, деп хабарлайды ЭК.

Қаладағы №36 емханада "Sputnik V" вакцинасын салдырған батыр ана Зағиша Шалова, өзін екпеден кейін жақсы сезінетінін айтты. Емхананың бас дәрігері Гүлжайнат Тілегеннің айтуынша, қазір әженің жағдайы бірқалыпты.

Бұл менің жеке шешімім мен бұл аурудың мені және менің туыстарымды айналып өткенін қалаймын. Балаларым, немерелерімнің барлығы екпе алып қойған. Қазір өзімді жақсы сезінем,

дейді 12 баланың анасы, 15 немеренің әжесі Зейнеш апа.

Тұрғындар арасында вакцина салдырғысы келетіндер саны артып келеді. Әр азамат бекітілген жеріне қарамастан қаладағы қалаған емханада вакцина ала алады. Біздің емханамызға да күнделікті коронавирус инфекциясына қарсы екпе алуға 150 -200 тұрғын келеді,

дейді №36 емхананың бас дәрігері Г. Тілеген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров