Күл-қоқыстан миллиардтап шығынға батып отырмыз (видео)

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

"Елімізде қоқыс шығару күннен күнге ұлғайып келеді. Мұндай проблеманың алдын алудың ең тиімді жолы — қоқыс пен қалдықты өңдеп, оны энергия қуатына айналдыру" дейді табиғат қорғау вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов. Бұл туралы ЭК хабарлайды.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Алматы қаласында өткен көшпелі кеңесінде елдегі бейберекет шашылған қоқыс алаңдарының мониторингі таныстырылды.

©ЭК/Андрей ХАЛИН©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН

2020 жылы ғарыштан жасалған мониторинг барысында елімізде рұқсат етілмеген 8884 қоқыс алаңы пайда болып, олардың 80%-ы залалсыздандырылған. Қазіргі таңда ғарыштық әдіспен әуеден қадағалау барысында аумағы 250025 шаршы шақырым болатын 35 ірі елдімекен арнайы бақылауға алынған.

©ЭК/Андрей ХАЛИН©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН

Экология министрлігі қалдықтарды энергия көзіне айналдыратын "Waste to Energy" деп аталатын арнайы жобаны Алматы, Ақтөбе, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Қарағанды және Шымкент қалаларына енгізуді көздеп отыр. Бұл жоба іске қосылса, қоқыс пен қалдықты залалсыздандыруға кететін мемлекет шығыны 5,4 млрд теңгеге азаймақ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров