"Астана" осы маусымда алғаш рет жеңілді

Бек ТӨЛЕУОВ

© Владислав ВОДНЕВ

Бүгін Қазақстан премьер-лигасының 17-турының алғашқы үш ойыны өтті, деп хабарлайды ЭК.

Көш басындағы "Астана" елордада "Ордабасыны" қабылдаған. Осыған дейін 16 ойынның бірде-біреуінде жеңілмеген Андрей Тихонов шәкірттері алғаш рет қарсыласқа есе жіберді. Соңғы кездері үш ұпайдың не екенін ұмытып кеткен Шымкент командасы матчтың басында екі гол соғып, осы есепті соңғы минутқа дейін ұстай білді. Мергендігімен көзге түскен Бағдат Қайыров пен Жоао Пауло болды.

Әзірге "Астана" 38 ұпаймен бірінші орында қалып тұр. Ертең "Тобыл" қуып жетуі мүмкін. Ал "Ордабасы" 24 ұпаймен төртінші орынға көтерілді.

© Владислав ВОДНЕВ© Владислав ВОДНЕВ
© Владислав ВОДНЕВ

Одан кейін "Ақжайық" пен "Шахтер" кездескен. Оралдағы ойын тең аяқталды. Есепті 54-минутта алаң иелері сапынан Ковталюк ашқан. Бірақ арада 9 минут өткенде Назеренко өз қақпасына соғып алды. Қорытынды есеп — 1:1.

Сол секілді "Ақтөбе" мен "Қызыл-Жар" матчты да 1:1 есебімен аяқталды. Ойындағы екі гол да екінші таймда соғылды. Алдымен қонақтар сапынан Дарко Зорич "Қызыл-Жарды" алға шығарған. Дегенмен, өткен матчта Шымкентте жеңіс голын соққан қорғаушы Юрий Логвиненко есепті теңестірді.

Енді ертең 17-турдың тағы 4 матчы өтеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров