Қазақ жауынгерінің сүйегі елге жеткізілді

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Павлодар облысындағы Өрлітөбе шекаралық бақылау-өткізу бекетінің аумағында өткен ресми іс-шара барысында Қазақстанның Омбы қаласындағы Бас консулдығының қызметкерлері қазақ сарбазы Емберген Асайновтың сүйегін Павлодар облысы әкімдігінің өкілдеріне тапсырды, деп жазады ЭК.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, жақын арада сарбаздың сүйегі Қызылорда облысында тұратын туыстарына тапсырылып, туған өлкесінде жерленеді.

Жауынгер Емберген Асайнов 1900 жылы Кызылорда облысында дүниеге келген. 1942 жылдың ақпан айында Арал ауданынан әскер қатарына шақырылып, Ленинград түбіндегі кескілескен қанды шайқаста ерлікпен қаза тапқан.

Кеңес сарбазының сүйектерін ресейлік іздеушілер 2019 жылдың күзінде Ленинград облысы Киров аудынының маңынан тапқан. 18 маусым күні Омбы қаласында орналасқан әскери даңқ мұражай кешенінің ауласында "Қазақ ұлттық-мәдени орталығы" өңірлік қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған салтанатты шара өтті. Аталған іс-шара барысында Омбы облысы үкіметінің ресми өкілдері мен жергілікті ардагерлер кеңесі қазақ сарбазының сүйегі салынған табыт пен оның жеке заттарын Қазақстанның Бас консулдығының өкілдеріне әскери құрметпен тапсырды. Қазақ сарбазы Емберген Асайновтың сүйегін тауып, оны туған жерге жеткізуге қолдау көрсеткені үшін Бас консулдық аталған шараға қатысушылардың барлығына алғыс білдірді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров