Н. Жүнісов: "Туристер өзеннен өтпек болғанда бірінен соң бірі суға батып кеткен"

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

© Коллаж ЭК

Түркістан облысында өңірдегі ең ауқымды құтқару операциясы аяқталды. Ел тұрғындары бір айға жуық уақыт бойы тауда жоғалып кеткен жеті студенттің амандығын тілеп, іздеу жұмыстарын бақылап отырды, деп хабарлайды ЭК.

Нұрғали Жүнісов / ТЖДНұрғали Жүнісов / ТЖД
Нұрғали Жүнісов / ТЖД

"Өкінішке орай, саяхаттан жеті жеткіншектің үшеуі ғана тірі оралды. Ал, төртеуінің тек мәйітін таптық. Қалай екені белгісіз, олар жартастар мен өзендерден өте алмайтын жерлерге тап болған. Менің ойымша, Өгем өзенінен өтуге бел буып, бірінен соң бірі суға батып кетті. Немесе суға кеткен біреуін құтқармақ болғанда басқаларында су ағызып алып кеткен. Қайтыс болғандардың арасында екі ағайынды бар" — деді Түркістан облыстық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Нұрғали Жүнісов.

ТЖДТЖД
ТЖД

Төтенше жағдай департаменті басшысының пайымынша, жігіттердің қолында таулы өзеннен өткенде қолданылатын заттар болмаған.

Еске салайық, студенттер тауға 21 мамырда шыққан. Туристер құрамында Назарбаев Университетінің алты студенті болған. Нұрдәулет Наурызбай (Атырау), Диас Төлегенов (Орал), Саят Осенов (Жезқазған), Әлімжан Хайруллин (Ақтөбе), Бағдат Төлеу (Ақтөбе) және Абылай Тоқтасынмен (Шымкент) бірге Кентау қаласындағы "Білім-Инновация" лицей интернатының 17 жастағы түлегі Қуаныш Тоқтасын бар.

21 мамырда таңғы 8-де жігіттер Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің кіреберісіндегі бақылау-өткізу пунктіннен міндетті тіркеуден өткен. Әрі қарай олардың жолы Сары-Айғыр шатқалында, Юбилейный шыңына, Сусынген көліне және одан әрі Наутсай шатқалына дейін жалғасқан. Жігіттер 24 мамырда қайтып оралуды жоспарлаған. Бірақтан, 25 мамырда хабар болмағандықтан туыстары дабыл қақты.

Іздеу жұмыстары 26 мамырда таңертең Батыс Тянь-Шань бөктерінен басталды. Құтқарушылар арнайы бағыт бойынша жүріп отырды. Олардың қатарында ұлттық парктің қызметкерлері, полицейлер, шекарашылар, сондай-ақ, жоғалған жігіттердің туыстары бірге жүрді. Кейінірек іздеуге кәсіби альпинистер мен тау нұсқаушылары қосылды.

ТЖДТЖД
ТЖД

27 мамырда "Қазавиаспас" тікұшағы аспанға көтерілді. Оның көмегімен жеті жігіттің үшеуі Өгем өзені маңындағы тасты жартастан табылды. Маршрутты білмей, жігіттер тығырыққа тірелген. Бір жағында биік жартастар болса, екінші жағында — ағысы қатты өзенге кездескен. Құтқарылғандардың арасында Диас Төлегенов, Саят Осенов және Бағдат Төлеу болды. Жігіттер аман–есен отбасыларына оралды.

ТЖДТЖД
ТЖД

Олар үш күн бұрын екіге бөлініп кеткендерін айтты. Яғни, біреуі денсаулығын нашар сезінгендіктен, үшеуі көмекке қалған.

Жедел-іздестіру іс-шарасына қатысушылар екінші топтың жүру маршруттары туралы болжамды ақпарат ала салысымен Өгем өзенінің арнасын іздеуді жалғастырды. Түн ортасына дейін тау арасында жаяу жүрген топтың бірі қараңғыда өзенде жатқан мәйітті тапты. Кейіннен ағысқа қарай үш шақырым жерде тағы бір студенттің денесі табылды. Құрбан болғандар — шымкенттік Абылай Тоқтасын және ақтөбелік студент Әлімжан Хайруллин еді. Екі жігіт те суға кеткен деген болжам айтылды.

ТЖДТЖД
ТЖД

Марқұмдардың денелері полицияға тапсырылғаннан кейін құтқарушылар іздеуді жалғастырды. Екі апта ішінде Қуаныш Тоқтасын мен Нұрдәулет Наурызбайға тиеселі тек заттар ғана табылды.

Бір аптадан кейін Өзбекстанның құтқарушылары да іздеу жұмыстарына қосылды. Олар бірнеше күн бойы Өгем өзенінің төменгі ағысындағы — қазақ-өзбек шекарасынан Чарвак су қоймасына дейінгі 18 шақырымдық учаскені шолып шықты.

Ал, 17 жастағы Қуаныш Тоқтасынды құтқарушылар 12 маусымда тапты. Баланың денесін ұлдары жоғалғаннан бері іздеу жұмыстарына қатысқан әкесі анықтады.

ТЖДТЖД
ТЖД

Іздестіру жұмыстары 8 бағыт бойынша жүргізілді. Құтқарушылары тәулік талғамай күні-түні тау жоталарын шолып шықты.

"Біз ешқандай зат таппадық, сондықтан тірі болар деген үмітте болдық. Шатқалдарды іздеуді жалғастырдық, барлық үңгірлерді тексердік. Табылмаған соң, суға батып кету мүмкін деген болжам жасадық. Өкінішке орай ол болжамымыз шындыққа айналды. Біз атыраулық соңғы жігітті таптық", — деді Нұрғали Жүнісов.

Оның денесі бүгін Шымкентке жеткізілді. Марқұмның туыстары мәйітті таныды.

"Өгем өзеніндегі су деңгейінің 25 сантиметрге төмендеуі бізге үлкен көмек болды. Сондай-ақ, Республикалық жедел құтқару жасағы мен Шымкент қаласынан құтқарушылар бізге қосылды. Бүгін біз іздеуді аяқтадық. Мен іздеу операциясының барлық қатысушыларына ризашылығымды білдіремін" — деді Нұрғали Жүнісов.

ТЖДТЖД
ТЖД

Жалпы, іздеу жұмыстарына адам ресурстарынан басқа "Қазавиаспас" тікұшақтары, квадрокоптерлер, оннан астам техника, кинологиялық экипаждар мен топ сүңгуірлер жұмысқа тартылды. Оларға республикалық Төтенше жағдайлар министрлігі санкция берген. Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жағдайды толығымен бақылауда ұстаған.

Нұрғали Жүнісовтің айтуынша туристер өзеннен өтпек болғанда бірінен соң бірі суға кеткен.

ТЖДТЖД
ТЖД

"Қайғылы оқиғаның басты себебі студенттер тобында тәжірибелі гидтің болмауы. Жігіттер YouTube-тегі видеоны көріп, қиын жолмен өздігінен жүре алатындықтарын сенімді болған. Содан жолға шығып кеткен. Көптеген жастар тәжірибелі нұсқаушылар орналастырған бейнежазбаларды көреді де "бұл маршрутты оңай жүріп өтемін" деп ойлайды. Бірақ тауда әр адам өз күшін дұрыс бағалау қажет. Тек YouTube-тен бейнені көру жеткіліксіз. Жігіттер таңдаған маршруттар бойынша гидсіз жүру мүлдем мүмкін емес. Осы жігіттерді іздеу барысында біз тағы екі демалушылар тобын құтқардық. Олар да өз өздеріне сенімді болған", — деді Нұрғали Жүнісов.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тәжірибелі гидсіз тауға шығуға үзілді-кесілді тыйым салу керек деп санайды.

"Тауға гидсіз шығуға тыйым салу туралы өз ұсынысымды әкімдікке айттым. Басшылық таудағы байланыс мәселесін шешуді ұсынды, сонда қиыншылыққа тап болған адамдар өздерінің проблемалары туралы тез хабарлай алады және адасып кеткен туристерді табу оңайға түседі", — деп түйіндеді Нұрғали Жүнісов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров