Арал ауданында төтенше жағдай жарияланады

Елжас Әбділда

Әлеуметтік желіден

Жерде шөп шығатын нәр жоқ екені ғылыми негізде анықталып отыр.

Қызылорда облысы, Арал ауданында қуаңшылыққа байланысты төтенше жағдай жарияланбақ. Топырақтан алынған соңғы сынама нәтижесі жердің құнарлылық деңгейі 2 пайыздан аспағанын көрсетті, деп хабарлайды ЭК.

Осыған байланысты барлық құжаттар құзырлы мекемеге жолданып, алдағы бірер күнде Аралда төтенше жағдай жарияланатыны белгілі болды. Жыл басынан бері айдынды өлке тұрғындары қуаңшылық салдарынан 500-дей ірі қарадан айырылған. Қазір ауданда жәрмеңкелер ұйымдастырылып жем-шөп жеткізу жұмыстары жүріп жатыр. Дегенмен бұл мәселенің толыққанды шешімі емес.

Жайылымды жердің басым бөлігі кеуіп кеткендіктен төтенше жағдай жарияламаса болмайды. Тақырға айналған алқаптарда 250 мыңға жуық төрт түлік көкке жарымай жүр. Малды сақтап қалу үшін әлі 9 мың тоннадан аса жем-шөп қажет. Әзірге, соның 15 пайызы жеткізілген. Мамандар есебі бойынша жағдайды тұрақтандыру үшін 800 миллион теңгеге жуық қаржы қажет.

"Төтенше жағдай жарияланған кезде төрт түлікті жем-шөппен қамтумен қатар, Сырдария бойындағы Бұрмақұлақ арнасын бөгеу жұмыстары қолға алынбақ. Өйткені біз бір реттік қолдау шараларын ғана емес, жайылымдық жерлерді қайта нәрлендіруді жоспарлап отырмыз. Бұрмақұлақ арнасын бөгеу арқылы Ақшатау мен Қамбаш көлдер жүйесіне су толтырып алуға болады. Мұнымен қоса қуаңшылық зардабын тартқан 15 елді мекен аумағынан су ұңғымаларын қазуды қолға аламыз", — деді Арал ауданы әкімінің орынбасары Еркін Әбішев

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров