Қазақстан мен Қытай қауіп-қатермен бірлесе күреспек

Экспресс К

ҚР СІМ

Қазақстан мен Қытай тарабы терроризммен, сеператизм және экстремизммен бірлесе күресу мәселесін талқылады, деп хабарлайды ЭК ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Екі ел өкілдері бас қосқан жиында тараптар киберқауіпсіздік, "үш қатер" (терроризм, сепаратизм және экстремизм) қауіпімен күресуді, трансұлттық есірткі қылмысына қарсы бірлесе қимылдауды және қорғаныс саласында маман даярлау мен бірлескен әскери жаттығулар мәселесін өзара тұрақты жүргізуді пысықтады" делінген баспасөз хаттамасында.

ҚР СІМҚР СІМ
ҚР СІМ

Сондай-ақ, тараптар COVID-19 пандемиясына байланысты екі ел арасындағы шекара бекеттеріндегі өткізу жұмыстары мен әуе қатынасы, виза беру жолдарын да келісті. Қазақ-Қытай бірлескен келісімін БҰҰ, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі конференциясы (СВМДА), Шанхай ынтымақтастық Үйымы (ШОС) аясында да күшейте түсуге келісім жасалынды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров