Экология министрлігі Байзақовтың аланмен түскен суретін тексереді

Экспресс К

instagram.com / baizaakov

Еліміздің экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, әлеуметтік желіде атышулы Айжан Байзақованың інісі Әлиханның арыстанның күшігімен түскен суретін тексеруді бастады, деп хабардайды ЭК.

"Жыртқыш аңдар мен басқа да жабайы жануарлар табиғат аясында тіршілік етуі керек. Министрліктің жауапты инспекциясы бұл суретті міндетті түрде зерттейді. Мұны байқап, табиғатқа жанашыр ретінде осындай жайттарға қарсы болған азаматтарға алғыс білдіргім келеді", — дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Самал Ибраева.

Атышулы Айжан Байзақованың бауырының Instagram-дағы парақшасында жариялаған суреті қазақстандықтардың наразылығын тудырған болатын. Фотода ол аланды алдына алып ұстап отыр.

Менің сүйкімді балапаным — Леомен таныс болыңыздар,

деп жазған Байзақов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров