Әлемнің ең қымбат бренд-компаниялары анықталды

Экспресс К

©Reuters/Pascal ROSSIGNOL

Amazon компаниясы биыл да жылдың ең қымбат бренді ретінде көш бастап тұр, деп хабарлайды ЭК.

Бұл жөнінде әлемдік үздіктерді анықтайтын BrandZ Top 100 Most Valuable Global Brands ұйымы жыл басынан бергі есебінде мәлімдеді.

Amazon-ның бағасы былтырдан бері 64%-ға өсіп, 683,85 млрд АҚШ долларын құрап отыр.

Екінші орында Apple компаниясы. Оның бағасы — 612 млрд АҚШ доллары. Өсу көрсеткіші — 74%.

Үшінші орынға 458 млрд долларға бағаланған Google компаниясы шықты. Одан кейінгі орынды 410,27 млрд долларға бағаланған Microsoft компаниясы иеленген.

Өткен және осы жыл басының ең қымбат 10 бренд-компанияның тізімінде бірнеше брендтің басын қосқан қытайлық Tencent компаниясы (240,93 млрд), Facebook (226,74 млрд $), Alibaba (129,9 млрд), Visa (191,285 млрд), McDonald's (154,92 млрд) пен Mastercard (112,88 млрд) брендтері бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров