Жылқыны қағып, мерт қылды (видео)

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Бейнеден кадр

Алматы облысы Саты кенті көшесінде Аudi КК33 автокөлігі жылқыға соқтығысты, - деп хабарлайды ЭК

43 жастағы Ауди жүргізушісі жылқыны қағып кетті. Қатты екпінмен келе жатқан көліктің алдыңғы терезесіне соғыла құлаған жылқы сол жерде мерт болды. Абырой болғанда көлік жүргізушісі және өзге де адамдар зардап шеккен жоқ.

Аталған факт бойынша 37 жастағы жылқы иесіне қатысты 615-баптың 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама жасалды, — деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров