«Талибан» әскері Тәжікстан шекарасына жақындады

Экспресс К

©Reuters/STRINGER

Тыйым салынған «Талибан» қозғалысының жендеттері Ауғанстанның Тәжікстан шекарасына жақын маңдағы Құндыз провинциясына тиесілі Шерхан-Бандар портын басып алды, деп хабарлайды ЭК.

"РИА Новости" агенттігінің жазуынша, Ауғанстан әскері тәліптерге қарсы тұра алмай, тәжік шекарасы арқылы қашуға мәжбүр болған. 134 ауған жауынгерінің төртеуі жараланып, біреуі қаза тапты. Ал тәліптердің тұтқынына түскен жүзге тарта сарбаздың қазіргі жай-күйі әзірге белгісіз.

Сондай-ақ, қазір тәліптер тәжік шекарасыман қатарлас жатқан Тахор провинциясының Чохоб, Янги-Кала, Даркад, Дашти-Кала, Ходжагори елді мекендері, Құндыз провинциясының Дашти-Арчи, Имам Сахиб және Калай-Золи ауылдары, "Кокул" блок-бекетіне қарқынды шабуылдауда.

"АҚШ пен НАТО өз әскерін шығарғалы бері, тәліптер мамыр айынан бастап Ауғанстанның 370 ауданының 50-ін басып алған", — деп мәлімдеді БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі арнайы миссиясының басшысы Дебора Лайонс.

"Талибан" қозғалысы — Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров