Оралда құлағалы тұрған жаңа үйдің тұрғындары дабыл қағуда

Экспресс К

Pxhere

Орал қаласында салынғанына 10 жыл ғана болған үй опырыла құлаудың аз-ақ алдында тұр, деп жазады ЭК.

Astana телеарнасының хабарлауынша, бұл үйге қаланың басқа ауданындағы ескі үйлердің тұрғындары 2 жыл бұрын ғана көшірілген.

"Үйіміздің іргетасы опырылып тұр. Бізді бұл үйге ескі үйімізден көшіріп алып келген еді. Тұрғанымызға 2 жыл болды, бұл үй де қанша жаңа болса да қирағалы тұр" деп мұңын шағады жалдамалы үйдің тұрғыны Ерсайын Балтабаев.

Жуырда жауған нөсер жаңбырдан кейін жаңа үйдің қабырғалары қатты сетінеп кеткен. Тіпті, жарылған қабырғаның қуысына ересек адамның қолы еркін сыйып кетеді. Жертөледегі бетон іргетас та опырылып тұр. Кей тұрғындар өздерінің ескі үйлеріне көшіп кеткісі келген екен, бірақ ол жерде жаңа қонақ үй мен дүкен салынып кетіпті.

Әкімдік өкілдері мәселеден хабардармыз дейді. Былтыр мердігерге ғимаратты құрсаулап, бекітуді міндеттеген. Ал үй иелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін құрылыс материалын да алып беріпті.

"Жарықтары бар. Бірақ маяктар әлі қозғалған жоқ. Біз жарық пайда бола салысымен комиссиямен барып, шешім қабылдадық. Қазір бақылауда. Егер тағы да бір өзгерістер болса, әрекет жасаймыз. Төсенішін, баспалдағын жөндеп, жарықтарды бітеу үшін қаржы көздері іздестірілуде", — дейді Орал қаласы ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Дархан Еркінұлы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров