Қос сақшыға ескерткіш тақта орнатылды

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Ақмола облысының Щучье қаласында қызмет бабында жол апатынан қаза тапқан қос полицей Қанат Отарбаев пен Қанат Хамидуллинге ескерткіш тақта қойылды, деп хабарлайды ЭК.

ПД баспасөз қызметіПД баспасөз қызметі
ПД баспасөз қызметі

"Карантиндік қауіпсіздік шарасы қатаң сақталған іс-шараға Ақмола облыстық полиция департаментінің басшысы, генерал-майор Арманбек Баймурзин, Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев, полиция қызметінің ардагерлері және марқұмдардың туған-туыстары қатысты" деп хабарлайды өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ПД баспасөз қызметіПД баспасөз қызметі
ПД баспасөз қызметі

Естеріңізге сала кетсек, осыдан 8 ай бұрын "Lexus NX20" көлігінің жүргізушісі полиция қызметкерлері мінген қызметтік көлікті соғып, соның салдарынан қос сақшы жол апаты болған жерде көз жұмған еді. Кейінірек "Lexus NX20-ны" Щучьенің бұрын істі болған тұрғынының жүргізу куәлігінсіз айдағаны анықталды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров