Путин адам миына микрочип орнатуға келісімін берді

Экспресс К

Pixabay

Адам миына микрочип орнату бағдарламасын іске асыру үшін Ресей үкіметі бюджеттен 54 млрд рубль қаражат бөлетін болды, деп хабарлайды ЭК.

"Ми, денсаулық, интелект, инновация" деп аталатын бұл бағдарламаны Ресей президенті Владимир Путин мақұлдаған.

Аталмыш жоба бойынша келешекте ұшақты, автокөлікті және атом электростансасын ойша басқаратын "адам-техника" пайда болады деп болжануда. Техниканы қол тигізбей, ойша басқару үшін әуелі ғалымдар нейроинтерфейс жүйесін дамытуы тиіс. Бұл бағдарлама Ресей ғылым академиясы мен Мәскеу гуманитарлық университетінің ғалымдары жасаған ғылыми негіздеме аясында іске асырылғалы отыр.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік БАҚ "аталмыш жобаға ел президентінің қызы Катерина Тихонованың тікелей қатысы болуы мүмкін" деген ақпарат таратқан болатын. Өйткені, Владимир Путиннің қызы "Иннопрактика" атты даму институтын басқарады және оның ғылыми нейроорталықтағы еңбектері мемлекеттік телеарнада 2018 жылдан бері біртіндеп насихаттала бастаған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров