Отандық киноиндустрияға тағы бір патриоттық туынды қосылды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Азамат Нығмановтың суреті

Беларусь елінде басталған "1941 жылдың жазы" әскери драмасының түсірілімдері аяқталды, деп хабарлайды ЭК.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай Белорусь елінде қазақстандық партизан туралы фильм түсіріліп басталған еді. Фильмде Екінші дүниежүзілік соғысының қиын қыстау кезеңі, Беларусь орманында фашист басқыншыларға қарсы шайқасқан батыр аталардың ерлік жорықтары суреттеледі.

Фильмнің басты кейіпкері Әди Шәріпов және ол басқарған партизан отрядының қаһармандығы соғыс жылдарының өзінде беларусьтықтарға да, жау басқыншыларына да аңыз болған. Фильмде батыр бастаған отрядтың қандай тығырықтан да жол тауып, қолға түспейтіндігі баяндалады.

Фильмнің премьерасы осы жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Әскери туындыны түсіруге сұрапыл жылдары кескілескен ұрыстың ортасы болған жерлер таңдалды.

"Бізде Қазақстанда тау, көл, шөл де бар, бірақ фильмге лайқ дәл мұндай орындар жоқ. Беларусь ормандарының табиғаты, пейзажы, оқиғалары өмір шындығындай боп сайрап жатыр Сондықтан сол өмірдің өзі экранда шынайы көрсетіледі. Сол себепті, біз Беларусь еліне келдік", — деді фильмнің бас продюсері Тасболат Меретенов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров