Алматыда коронавирустың үнді штаммы пайда болуы мүмкін


©Reuters/Molly DARLINGTON
Алматыда коронавирустың "үнді" штаммы пайда болуы ықтимал. Мұны Алматының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Садуақас Байғабылов растады, деп хабарлады ЭК.
Таралу ықтималдығы анықталды. Толық геномды анықтау үшін қосымша уақыт керек,
Еске сала кетсек, мұның алдында Денсаулық сақтау министрлігі елімізді "үнді" штаммының таралуы мүмкін екенін ескерткен. Нұр-Сұлтан қаласында науқастардың 56 пайызының осы штамммен ауырғаны алдын ала анықталып отыр. "Үнді" штаммы қатерінен елімізде карантин шаралары күшейтілді.