Қар барысы тұзаққа түсті (видео)

Экспресс К

Бейнеден кадр

Таулы Алтай қорығына қойылған видеокамераға қар барысы екі екі рет іліккен, деп хабарлайды ЭК National Geographic сайтына сілтеме жасап.

Қарағай есімді жас барыс бірінші мәрте бейнетұзаққа іліккенде жасырын құрылған аппаратты байқамаған. Ал, екінші рет араға 2 ай салып тұзақ маңына келген кезде ол фотоаппаратты тістеп, біршама уақыт мүжіп тастамақ болған.

Фото-деректер Қарағайдың Чихачев жотасына жиі келетінін көрсетіп отыр. Ресей мен Моңғолияның тау жоталары түйісер бұл тұста Хоргай есімді алтайлық барыс мекен етеді. Алайда, ол фотокамераға әзірге ілінген емес.

Чихачев жотасына бұл камера 2011 жылдан бастап қойыла бастады. Алынған фото-деректер қар барысының мекен ету, көбею және табиғи сұрыбын нақтылау үшін пайдаланылады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров