250 мың теңгеге диплом сатып алған полицей сотталды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

© ЭК

Қарағандыда жалған дипломмен жұмысқа орналасқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды ЭК

Қарағанды ​​қаласының Қазыбек би аудандық соты Бұқар жырау ауданының 24 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады. Қылмыстық іс бойынша сотталушы Кентау көпсалалы колледжін бітіргені туралы жалған құжатты 250 мың теңгеге жасатқан. Осы құжатпен ол полиция бөліміне жұмысқа орналасқан.

Жалған құжат ҰҚК қызметкерлері жүргізген арнайы тексеру кезінде анықталды. Колледжге және Білім министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығынан келген ресми жауапта сотталушының колледжде ешқашан оқымағаны және оған ешкім диплом бермегені анықталды.

Жалған диплом иесіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігі "Жалған құжатты қолдану" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот отырысы барысында сотталушы өз кінәсін толық мойындады.

Алайда сотталушының мүгедек анасы бар екендігі және оның анасына қарайтын өзінен басқа ешкімі жоқ екенін ескерген сот кінәліні 80 сағаттық қоғамдық жұмыстарға тарту туралы үкім шығарды. Сондай-ақ, сотталушыдан өтемақы қорына міндетті төлем өндірілді. Жазадан жалтарған жағдайда ол қайтадан қамауға алынады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров