Қазақстан мен АҚШ арасында ұшу оңай болады

Бек ТӨЛЕУОВ

Pixabay

Қазақстан мен АҚШ ынтымақтастықты кеңейтіп, екі ел арасындағы әуе рейстеріне шектеусіз ұшуға мүмкіндік беруге ниетті, деп хабарлайды ЭК.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келiсiмді ратификациялау туралы" заң жобасы қаралатыны айтылды.

"Заң жобасы "ашық аспан" ұстанымдарын қарастырады. Оның аясында тараптар әуе көлігі сапарларын тасымалдаушылар саны, рейстер жиіліктері бойынша шектеусіз орындай алады. Бұл келісім сыртқы көліктік қол жетімдікті арттыруға, халықаралық әуе бағдарлардың географиясын кеңейтуге ықпал етеді", — деді Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы, депутат Альберт Рау.

Депутат палата комитеті аталған заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын екенін атап өтті.

Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары "Ашық аспан" келісіміне былтыр 2020 жылдың қаңтарында қол қойған. Құжатқа Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов пен АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уильям Мозер қол қойған болатын. Келісімнің нормалары екі елдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес ратификациялануы тиіс.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров