Олимпиадада арақ-шарап болмайды

Ержан ШАЙЖАН

©Reuters/Pawel KOPCZYNSKI

Бұл туралы Олимпиада және паралимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті хабарлап отыр, деп жазады ЭК.

Жапония астанасы — Токиода өтетін жазғы ойындарға тура бір ай уақыт қалды. Ұйымдастыру комитетінің басшысы Сейко Хашимото баспасөз мәслихатында жарыс өтетін аймақтарда көрермендерге спирттік ішімдіктер сатылмайтынын және өзімен бірге алып кіруге болмайтынын айтты.

Сондай-ақ, дене қызуы 37,5 градустан асқан адамдар да спорттық шараларға кіргізілмейді.

Айта кетейік, төрт жылда бір өтетін әлемдік дода пандемияға байланысты бір жыл кешігіп алауын жақпақ. Жарыста 33 спорт түрінен 339 медаль сарапқа салынады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров