Алматыда үнді штаммы 37 жастағы әйелден анықталды

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Үнді штаммы кеше 22 маусымда анықталып, бүгін толық расталды, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

" Бүгін мутацияланған дельта штаммының шынымен де айналымда бар екені белгілі болды. Жұқтырған — 1984 жылы туған К. есімді азаматша. Үй шаруасындағы әйел, еш жерде жұмыс істемейді. Оның күйеуі шетелде іс-сапарда жүр. Белгілі болғандай жолдасы ақпан айында коронавируспен ауырған. Ал әйелдің өзі қазір ауруханада жатыр. Онымен байланыс жасаған жеті адам оқшауланды. Эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатыр",- деді Бекшин.

Оның айтуынша, әйелдің үнді штаммын қай жерден және қалай жұқтырғаны белгісіз. Сол себепті әйелдің барған жерлері бақылауға алынды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров