Жалған құжат жасаған компания басшысы жауапқа тартылды

Нұрболат АДЫРБЕК

Pxhere

Елордада жеке компанияның басшысына қызметкерлерге арналған ПТР анализдерінің нәтижесін қолдан жасағаны үшін сот үкімі шықты, деп хабарлайды ЭК.

Жеке компанияның бас директоры ПТР сынақ куәліктерін қолдан жасау және "Ұлттық медициналық орталық" АҚ зертханасының жалған бланкілерін дайындағаны үшін жауапқа тартылды.

Есіл ауландық сотының мәлімдеуінше, сотталушы "ilovepdf.com" веб-сайтын қолдану арқылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қорғалатын нысанға кіру құқығын беретін ресми құжатты және өзінің ЖШС қызметкерлері үшін ковидке арналған ПТР сынақтың теріс нәтижелі сертификатын қолдан жасаған. Ол сонымен қатар тиісті мәтіндік өзгертулер енгізіп, "Ұлттық медициналық орталық" АҚ зертханасының жалған электронды формасын да пайдаланған, делінген хабарламада.

ЖШС қызметкерлерінің қолындағы құжаттың жалған екендігі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелерге кірмек болғанда анықталған. Сол сәтте Мемлекеттік күзет қызметі бұл әрекеттің алдын алған. Сот, кінәліні айыпты деп танып, оған 50 АЕК (145 850 теңге) айыппұл салу жөнінде үкім шығарды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров