"Қазақстан барысының" жеңімпазына 25 млн теңге беріледі

Бек ТӨЛЕУОВ

Әлеуметік желіден

4 шілдеде Елордада өтетін қазақ күресінен "Қазақстан барысы” жобасының жүлде қоры белгілі болды, деп хабарлайды ЭК.

Биылғы "Қазақстан барысы" жобасына 10 жыл толады. Осы мерейтойлық жылдағы жобаның финалдық кезеңі Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкеміров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

"Жүлдеге жылдағыдай жеңімпазға алтын белбеу мен алтын тай-тұяқ беріледі. 2, 3-орындарға күміс және қола белбеу бұйырмақ. Ақшалай сыйлыққа келетін болсақ, жеңімпазға 25 млн теңге, бапкеріне 3,5 млн теңге, 2-орынға 5,5 млн теңге, бапкеріне 1,8 млн теңге, 3-орынға 1,8 млн теңге, бапкеріне 900 мың теңге беріледі. Бағы жанған балуандар алады", — дейді Qazaqkuresi қауымдастығының спортты дамыту жөніндегі директоры Бақдәулет Сәбитов.

Биыл ‘Қазақстан барысына" 37 балуан қатысады. Турнир Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналады.

"Еліміздің 14 облысы мен 3 республикалық маңызы бар қаладан 37 балуан іріктеліп шықты. Олар тереңдетілген медициналық тексерістен өтті. Допингтік сынамаларын тапсырды. Танымал буаландардан Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов, Еламан Ерғалиевтер бар. Турнир Qazaqkuresi қауымдастығы бекіткен ереже бойынша өтеді. Қазақ күресінің динамикасын арттыру мақсатында 5 минуттық күрес 4 минутқа қысқартылды. Негізгі уақытта тең түскен жағдайда қоян-қолтық белдесу 2 минут болатын. Оны 1 минутқа азайттық", — дейді Бақдәулет Сәбитов.

Оның айтуынша, Qazaqkuresi қауымдастығының бастамасымен қазақ күресі өзінің кілеміне ие болған. Сол жерде балуандар жалаң аяқ күреседі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров