Елордада жасөспірім көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секіріп кетті


instagram.com / zhaloby_astana
Нұр-Сұлтанда кәмелет жасына толмаған бала көпқабатты үйдің терезесінен секіріп көз жұмды, деп хабарлайды ЭК.
Сол маңның тұрғындарының айтуынша, жөсөспірім әке-шешесінің ажырасуына көндіге алмаған.
Қайғылы жағдай Тілендиев даңғылының бойында маусымның 22-інен 23-іне қараған түні болған. Суицид куәгерлері оқиға орнынан түсірілген фотосуреттерді әлеуметтік желіге жүктеді.
"Түнгі үште осындай хабар естідік. Адамдар әлеуметтік тұрғын үйлерден секіріп, құлап жатыр", — деп жазба қалдырды марқұмның көршілерінің бірі Instagram-ның zhaloby_astana тобында.
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел жәрдем келгенше жасөспірім көз жұмған.
Көршілерінің айтуынша, 17 жастағы бозбаланың суицид жасауына ата-анасының ажырасып кеткені түрткі болған көрінеді.