ШҚО-да жұқпалы аурудан мал қырылып жатыр

Ержан ШАЙЖАН

Әлеуметтік желіден

Шығыста мал арасына тараған індет шаруаға қиын болып тұр, деп хабарлайды ЭК.

Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан ауданының тұрғындары белгісіз індеттен малдарының өліп жатқанын айтады. Ірі қарадан бөлек бір ғана Шілікті ауылындағы қожалықтың бірінде 150 қозы қынадай қырылған.

Ветеринар мамандар әу баста бұзау мен қозының аштан өліп жатқанын айтқан болатын. Бірақ зертханалық сараптама нәтижесі анаэробты энтеротоксемия деген жұқпалы ауруды анықтады.

Мамандардың айтуынша, індет жұқтырған малдың тілі ісіп шөп жей алмай қалады екен. Бүгінгі күнге дейін Жалши, Шілікті, Қарасай ауылдарында өлген мал басы жүздеп есептелуде.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров