Вакцина ал да, көлік ұт


©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
Елордадағы сауда орталығының бірінде ірі автодиллерлік компания мен Нұр-Сұлтан әкімдігі бірлесіп «Вакцина ал — машина ұтып ал» акциясын бастайды, деп хабарлайды ЭК.
Акция 23 маусым мен 31 тамыз аралығында астанадағы сауда ойын-сауық орталығында жалғасады. COVID-19 вакцинасының бірінші компонентін алған ел тұрғындары " Hyundai Accent" автокөлігін ұтып ала алады.
Екпе алғандар арасында ұтыс ойыны 5-қыркүйек күні сауда орталығының Instaram желісі арқылы тікелей эфирде өткізіледі. Сондай-ақ 23-маусымнан 31-тамызға дейін апта сайын осы инстапарақшада түрлі сыйлықтар да ойнатылады. Олардың қатарында тұрмыстық техника, түрлі сертификат сияқты бағалы сыйлықтар бар.
Әрине бұл ұтысқа 18 жастан асқан және 23-маусым мен 31-тамыз аралығында COVID-19 вакцинасының бірінші компонентін алған тұрғындар қатыса алады. Акцияның мақсаты — елімізде вакциналау ісін жеделдету. Өйткені екпе коронавирустан қорғанудың жалғыз әрі тиімді жолы — дейді мамандар.
Ал осындай акциялар Польша, Таиланд, АҚШ, Ресей, Моңғолия, Сербия, Индонезия, Қытай, Венгрия, Израиль сияқты елдерде сәтті өтіп жатқанын да айта кету керек.