Мәжілісте босап қалған бір орынға жаңа депутат сайланды

Бек ТӨЛЕУОВ

instagram.com / ozhayev_nurlybek_zhumakhmetuly

Нұрлыбек Ожаев "Nur Otan" партиясы саяси кеңес бюросының қаулысымен, партиялық тізім бойынша Мәжіліс депутаты болып сайланды, деп хабарлайды ЭК.

Ол Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайланған Қанат Мусиннің орнын басты.

Нұрлыбек Ожаев 1964 жылы дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бітірген. 1986-1991 жылдары комсомолдық органдарда жұмыс істеді. 1992-2003 жылдары Махамбет ауданының мемлекеттік басқару органдарында түрлі қызметтерде болды. Одан кейінгі жылдары Атырау әкімі аппаратының жетекшісі, Атырау облысы Исатай ауданының әкімі, Атырау қаласының әкімі, Nur Otan партиясының Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров