Израиль қайтадан бетперде тағатын болды

Нұрболат АДЫРБЕК

© Getty images

Израильдің жаңа премьер-министрі Нафтали Беннет елде коронавирустың қайта белең ала бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды ЭК.

Reuters-тің мәліметі бойынша, Израиль Денсаулық сақтау министрлігіндегілер елде күнделікті ауру жұқтыратындардың өсу көрсеткіші екі еседен асып кеткенін айтқан. Дертке шалдыққандар саны бір күнде 125 адамға дейін жетті. Осы жылғы сәуірдің басында елдегі ересек тұрғындардың 80 пайызға жуығы екпе қабылдаған. Ал маусым айының басында Израильде коронавирустың тұрақты төмен деңгейіне байланысты барлық карантиндік шектеулер мен көпшілік орындарда бетперде тағу міндеті алынып тасталған болатын.

Аталған дертті белсенді жұқтыру ошақтарының бірі мектептер екені белгілі болды. Сондықтан елдің кейбір аймақтарындағы мектептерде бетперде тағуды міндеттеу туралы шешім қабылданды. Науқастардың соңғы жағдайларын зерттегеннен кейін, азаматтардың кейбірі жаңадан пайда болған "Delta" штаммын жұқтырғаны да анықталып отыр.

Тіркелген жағдайларды ескере отырып, біз бұл жағдайды жаңа эпидемия деп санаймыз,

деді Беннет.

Премьер-министрдің айтуынша, жақын арада Израиль шекарасынан өту мәселелерінде күрделі өзгерістер болуы және жаңа сақтық шаралары аясында шекаралардағы тыйымдар мерзімі тағы ұзартылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Израиль халқының вакцинация алу көрсеткіші бойынша әлемдегі көшбасшылардың біріне айналған болатын. Осы жылғы сәуірдің басында елдегі ересек тұрғындардың 80 пайызға жуығы екпе қабылдаған. Ал маусым айының басында Израильде коронавирустың тұрақты төмен деңгейіне байланысты барлық карантиндік шектеулер мен көпшілік орындарда бетперде кию міндеті алынып тасталған еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров