Ерлі-зайыпты әлеуметтік желі арқылы тұрғындардан алдап ақша алған

Кәмшат ҚОПАЕВА

Әлеуметтік желіден

Қаланың 20 жастағы тұрғыны әйелімен бірге әлеуметтік желіде «Aksha_komek» парақшасын ашып, алаяқтықпен айналысқан, деп хабарлайды ЭК.

Алаяқтар әлеуметтік желіде ашқан парақшасы арқылы тұрғындардан ақша сұраған және оны кейін пайызбен қайтаратынын айтып сендірген. Мәселен, Шымкент қаласының тұрғыны 22 мың теңгесін алаяқтың шотына аударып жіберген. Кейін пайызы түгіл берген ақшасын да кері қайтарып ала алмаған. Ерлі-зайыптылар осы әдіспен 30-ға жуық адамды алдаған.

"Қаржы пирамидалары, микро қаржы ұйымдары желілік маркетинг қағидаты бойынша жұмыс жасайтындай болып көрінеді. Олар қаржылық қиындықтарға тап болған адамдарға оңай, әрі тез ақша табудың жолын ұсынады. Осылайша адамдарды алдап, ақша алады. Сондықтан тұрғындардың инвестициялық компанияларға сақтықпен қарағаны жөн. Жеке құжат пен өзге де мәліметтерді таныс емес адамдарға бермеу керек," -деді облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.

Қазір ҚР Қылмыстық Кодексінің "алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров