Ұлттық ұланда тұңғыш театр құрылды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына мен Қазақстан полициясы күніне орай Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің әскери театры құрылып, жаңа қойылымның тұсауы кесілді, - деп хабарлайды ЭК.

Елордада Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің "Жеңіс жалауы" спектаклінің тұсаукесері өтті. Бұл күні сахнада тұңғыш рет еліміздің күш құрылымдары арасында Ұлттық ұлан ән-би ансамблі театрлық тобының әртістері өнер көрсетті.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Әскери театрдың ашылуына қатысқан Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ұжымды шығармашылық жаңа бастамамен құттықтап, сәттілік тіледі.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің құрамында ерлер хоры, вокалшылар және бишілер тобы, биг-бэнд, фольклорлық топ және концерттік оркестр бар. Енді олардың қатарына әскери театр тобы қосылды. Театрды ашудағы мақсат — погон таққан әртістердің өнері арқылы өскелең ұрпақты патриотизмге баулу, сондай-ақ әскери қызметті насихаттау дейді жоба жетекшілері.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Айта кетейік, "Жеңіс жалауы" ансамбльдің театрландырылған тұңғыш қойылымы. Әскери драма жанрындағы қойылымның авторы Қанат Жүнісов, қоюшы режиссері Дәурен Серғазин, қоюшы суретшісі Ерлан Тұяқов. ал ән-би ансамблінің көркемдік жетекшісі майор Дархан Рахымғалиев.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров