Велосипедтен құлап, қолын кестірген жаңаөзендік балаға көмек қажет

Жұмазия ОРАЗАЙ

Бейнеден кадр

20 маусым күні 9 жасар Ақбан Абудллаһтың қолына ампутация жасалды, деп хабарлайды ЭК.

Велосипед теуіп жүріп құлаған баланың қолы сынып, салдары гангренаға ұласқан. Айналасы 10 күннің ішінде оң қолының жартысын кестіруге мәжбүр болған. Жеткіншектің анасы ЭК тілшісіне оқиғаны былай баяндап берді:

10 маусым күні алаңсыз велосипед теуіп жүрген балақай кенеттен құлап, қолын сындырып алған. Сол бойда туыстары баланы бірден сынықшыға апарған. Емші баланың қолын сылап-сипап, сынығын байлап, "үш күннен кейін кел" деп қайтарып жібереді.

" ...Ойымызда ештеңе жоқ баламыздың тәбеті тәуір, көңілі тоқ. Үш күннен кейін қайтадан сынықшыға бардық. Ол кезде де ұшықтап, 21 күннен кейін тағы келерсіздер деп қайтарып жіберді. Бірақ 1 апта өткенде баламның саусағы қарайып, қолының жансызданғанын байқадым. Әуелі Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасына әкелдік. Дәрігерлер баланы дереу облыс орталығына жіберді. Ондағы балалар ауруханасына әкеліп қажетті тексерістерді жүргізді. Дәрігерлер баланың қолын кесуге шешім қабылдады" , — дейді анасы Аида Кенжеқараева

facebook.com/azamat.sarsenbaevfacebook.com/azamat.sarsenbaev
facebook.com/azamat.sarsenbaev

Анасының айтуынша, алғашында олар дәрігерлердің шешіміне келіспей, баланың барлық құжаты мен анықтамасын Отандық және шетелдік емханаларға жолдаған. Бірақ клиникалар жеткіншектің жансызданған қолдарын қалыпқа келтіре алмайтынын айтып, бас тартыпты. Амалы қалмаған анасы ампутацияға келіскен.

Әйтпесе, 10 күннің ішінде саусақтан шынтаққа дейін шапқан гангрена барлық ағзаны бүлдіру қаупі болған. Сөйтіп бір жарым сағатқа созылған ауыр отадан бала аман шыққан.

Қазір бала дәрігерлердің бақылауында. Бірақ баласына жасанды қол уәде еткен анасы қазір халықтан қаржылай көмек сұрап отыр.

Айтуынша, балақайға қажетті жасанды қолдың бағасы 15-16 миллион теңге тұрады. Абдуллаһтың анасының реквизиті:

Kaspi Gold: 87088293449 — Аида Кенжеқараева.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров