Елімізде жеңілдікпен берілетін автонесие бағдарламасы тоқтатылды

Риза ИСАЕВА

Pxhere

2019-2020 жылдары бағдарламаны жүзеге асыру үшін Ұлттық банк жылына 20 млрд-тан, барлығы 40 млрд теңге бөлген, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы Ұлттық банк мәлімдеді.

Ұлттық банк жеңілдікпен автонесиелеу бағдарламасын 2019 жылдың 31 мамырында бастаған болатын. Ол бойынша екінші деңгейлі банктер отандық өндірушілер құрастырған жеңіл автокөлікке 4%-тік мөлшерлемемен несие рәсімдеуі тиіс болатын.

2021 жылғы 27 мамырдағы есеп бойынша Ұлттық банк қаражаты есебінен 48,8 млрд теңгеге барлығы 8546 несие берілген.

Оның 8,8 млрд теңгесі бұрынғы берілген автонесиелерді жабудан түскен қаражат.

Ұлттық банк басқармасының 2021 жылғы 24 мамырдағы №56 шешімімен Ұлттық банктің 2019 жылғы 31 мамырдағы №79 "Отандық өндірістегі жеңіл автокөлікті сатып алушыларды несиелеу бағдарламасын бекіту" туралы Қаулысының күші жойылған.

Дегенмен, ҰБ бұған дейін бөлген 40 млрд теңгені отандық автокөліктерді несиелеу мақсатында, бұрынғы шарттарымен әлі де пайдалану мүмкіндігін қарастырған.

Жалпы елімізде Автонесиелеу портфелінің өсу қарқыны пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда төмендеген.

Бірінші несие бюро сарапшылары нарықтың бұл сегментінің әлеуетін жоғары бағалап отыр. Микроқаржылық ұйымдар несиелерінің 37%-і автонесиелеуге тиесілі. Қаражат дилер орталықтарынан жаңа көліктер сатып алуға берілген.

Жалпы Қазақстанда автонесие беру көлемі өсіп келеді, сатып алу сомасы да ұлғайған. Сұраныс та артқан. 2021 жылдың қаңтар сәуір айларындағы көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24,3%-ке жоғары.

Биылғы төрт ай ішінде 132,7 млрд теңгеге 27 588 несие берілген

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров