Маңғыстауда "Екпе салдыр да, пәтер ұтып ал" акциясы басталды

Жұмазия ОРАЗАЙ

Акцияның аясында екпе алып, байқауға қатысқандардың арасынан 1 айдан соң екі бөлмелі пәтердің иесі анықталады, деп хабарлайды ЭК.

Науқан басталғаннан бері 200-ден астам адам екпе алып, байқауға тіркелген.

Ал акцияға қатысу үшін кез-келген адам тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханадан вакцина салдырады. Егу бөлімшелерінде жапсырылған QR-код арқылы сайтқа тіркелу қажет. Арнайы сайтқа өтіп, байқау шарттарын орындайды. Сөйтіп, автоматты түрде байқау қатысушысы болады. Акция ұйымдастырушыларының бірі, блогер Нұрлан Қуанышбайдың айтуынша, науқан екпенің маңыздылығын түсіндіріп, оны өз еркімен алуға ынталандыруды көздейді.

"Халықты қиын кезеңде аз да болса қаржылай көмек көрсетейік, аз да болса әлеуметтік жағынан қолдайық деп... Осындай бір кішігірім шараны бастасақ. Әу бастағы ниетіміз — вакцинаның адам өміріне деген қаншалықты маңызды екенін түсіндіру және өз еркімен осы екпе алуға ынталандыру. Жеңімпаз "рандом" сайты арқылы анықталады. Арнайы сандарды таңдайтын бағдарлама. Соған мысалы 1 мен 100-дің арасында таңдау қоямыз да жібереміз. Компьютер өзі таңдайды. Тікелей эфир арқылы сол кісіге соғамыз бірден. Аты-жөнін, қайдан қашан алғанына көз жеткіземіз. Содан соң сыйлықты табыстап береміз," — дейді блогер Нұрлан Қуанышбай.

Нұрлан ҚуанышбайНұрлан Қуанышбай
Нұрлан Қуанышбай

Акция 1 айға созылмақ. Ал әр жұма сайын ұялы телефон, тұрмыстық техника сынды бағалы сыйлықтар ойнатылады. Сондай бағалы сыйлықтан үміткерлердің бірі — Гүлнар Сегізбаева. Оқушылармен тығыз жұмыс істейтін болғандықтан, өзінің және өзгелердің алдындағы жауапкершілігін сезініп, екпе алуға келген. Бір жағынан акцияның қатысушысы болып үлгеріпті.

" Елде вакцинация басталғалы көп ойландым. Бүгін бір шешімге келіп, екпе алуға келіп тұрмын. Жаңа араб елінің "хаят" вакцинасын алдым. Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Сонымен қатар, үлкен науқан жүріп жатқанын естіп, өзім қуанып қалдым. Өзімнің денсаулығымды қорғай отырып, үлкен бағалы сыйлықтың иегері атанып қалуым мүмкін. Енді акцияның қорытындысын күтемін", — деді Гүлнар Сегізбаева

Гүлнар СегізбаеваГүлнар Сегізбаева
Гүлнар Сегізбаева

Науқан басталғалы Гүлнар секілді ерікті түрде екпе алушылар көбейген. Ал Маңғыстау облысында ақпаннан бері вакцинаны 51 мыңнан астам тұрғын салдырған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров