Вакцина салдырмағандарға жұмысқа баруға шектеу қойылады

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қазақстанда вакцина алу қарқыны Үкіметтің көңілінен шықпай отыр, деп хабарлайды ЭК.

Сондықтан екпе салдыратындар қатарын арттыру талаптары күшейеді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

"Вакциналау бойынша еш мәселе көріп отырған жоқпын. Қазір біз азаматтарымызға вакцина алуға жағдай жасауымыз керек. Қажетті вакцина көлемі Қазақстанда бар. Алғашында мұны ерікті түрде деп жариялаған едік. Бірақ, жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, қосымша шаралар қабылдауға мәжбүр болдық", — дейді Ералы Тоғжанов.

Ол енді Covid-19-ға қарсы вакцина алмаған (медициналық қарсы көрсетілімдері бар және жазылып шыққандарды қоспағанда) қызмет көрсету саласының жұмысшылары, ірі ұйымдасқан ұжымдар үшін жұмысқа баруға шектеулер енгізілмек.

"КВИ-ға қарсы вакцина салдырудан бас тартатын (КВИ-ға қарсы екпе алуға медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ) қызмет көрсету саласының, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және өзге де ұйымдасқан ұжымдардың қызметкерлері үшін міндетті ПТР-тестілеу талабы енгізіледі. "Ashyq" жобасына жаңа кәсіпкерлік субъектілерін қосу, сондай-ақ жоба шеңберінде жұмыс істеп тұрған субъектілердің (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) жұмысын жалғастыру үшін барлық персонал мен сауда нүктелерін жалға алушылардан екпе алу қажеттігі талап етіледі", — деді Үкімет басшысының орынбасары.

Оның айтуынша, елімізде 2,4 млн доза вакцина бар және оған қосымша тағы 2 млн вакцина жеткізіледі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров