Ералы Тоғжанов өзіне қандай вакцина салдырғанын айтты

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа қарсы вакцина алғандығын айтты, деп хабарлайды.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің бірі Ералы Тоғжановтан қандай вакцина алғандығы туралы сұрады.

"Иә, мен "QazVac" вакцинасын салдырдым. Әрине, бұл — қауіпсіздік пен денсаулықты қамтамасыз етудегі өте маңызды қадам. Сондықтан барлық қазақстандықтарға қажетті вакциналарды жедел қабылдауға кеңес беремін. Қазақстанда вакциналардың бірнеше түрі бар. Әзірге вакцинадан басқа жол жоқ", — деді Ералы Тоғжанов.

Айта кетейік, кеше Премьер-министр Асқар Мамин Sputnik-V вакцинасын салдырған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров