«Қордай» бекеті уақытша жұмысын тоқтатты

Риза ИСАЕВА

primeminister.kz

Қазақ-қырғыз шекарасында КВИ-ға шалдыққан науқас анықталды, деп хабарлайды ЭК.

Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің дерегінше Жамбыл облысындағы қазақ-қырғыз шекарасында орналасқан "Қордай" орталық бекеті арқылы көрші елден келген қазақстандық азаматтың COVID-19-ға шалдыққаны анықталды. Науқаспен жақын байланыста болған азаматтар оқшауланып, өткізу пунктінің аумағында орналасқан изоляторға жатқызылды.

Коронавирустық инфекция жұқтыру жағдайы анықталуына байланысты өткізу пункті басшысының бұйрығымен "Қордай" бекеті уақытша жабылып, дезинфекторлар бекет ғимаратын өңдеу шараларын жүргізген. Қазір бекет жұмысы қайта жанданды.

Жыл басынан бері Жамбыл облысының мемлекеттік шекарасы арқылы өткен азаматтардың арасынан 23 COVID-19 жұқтыру жағдайы тіркелген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров