"Жасыл аймақ" құрылыс алаңына айналмауы керек

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Facebook / Сәкен Ділдахмет

Нұр-Сұлтан қаласындағы "Жасыл аймақ" аумағын құрылыс алаңына айналдыруға қарсы болған қоғам белсендісі әкімдік пен экология министрлігінен жауап талап етті, деп хабарлайды ЭК.

"1997 жылы Елбасының тапсырмасымен Жасыл аймаққа ағаш егіле бастаған еді. Жасыл аймақтың 15 мың гектары Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне берілген. Қазір бұл жердің жалпы аумағы 90 мың гектарға жеткен. Енді бұл аймаққа қала әкімдігі мен Экология министрлігі коттедж салуға рұқсат берген. Осы бойынша ресми түрде жауап беруін сұраймын", — деді қоғам белсендісі Сәкен Ділдахмет өзінің Facebook парақшасында.

Facebook / Сәкен ДілдахметFacebook / Сәкен Ділдахмет
Facebook / Сәкен Ділдахмет

Алайда қаладағы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше E321 және E466 көшелерінің қиылысында орналасқан жер учаскесі санитарлық қорғау жасыл аймағына жатпайды. Сондықтан бұл тиісті талапты бұзбайды.

Facebook / Сәкен ДілдахметFacebook / Сәкен Ділдахмет
Facebook / Сәкен Ділдахмет

"Жер "Нұр-Сұлтан" әкімдігінің 13.05.2019 жылғы №510-1150 қаулысы негізінде, инвестициялық жоба аясында "ӘКК Астана" АҚ-на берілді. Енді бұл жерге аз қабатты тұрғын үй кешені салынады. Учаскені беру кезінде жасыл аймақтың шекарасын санитарлық-қорғауға алу ескерілді", — деп мәлімдеді Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасындағылар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров