Үкімет "елде тағы локдаун енгізіле ме?" деген сұраққа жауап берді

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов локдаун енгізілуі мүмкін бе? - деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды ЭК.

"Бүгінде локдаунды республика аумағына енгізуге ешқандай себеп жоқ. Бұл күн тәртібінде де тұрған жоқ. Ведомствоаралық комиссияның отырысында Нұр-Сұлтан қаласына қатысты біраз шектеу шараларын қабылдадық. Ол жерде нақты объектілерге, әсіресе адамдар көптеп жиналатын жерлерге қатысты шектеулер енгізілді. Қазір осы шаралардың айналасында жұмыстар атқарылмақ. Бұдан кейінгі шешімдер елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты қабылданады," — дейді Ералы Тоғжанов.

Ол осы ретте адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында ел азаматтарының вакцина салдыруда белсенділік танытулары қажеттігін атап өтті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров