Түркістанда достарын көлікпен сүйреген жігіт жауапкершілікке тартылды

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

Бейнеден кадр

Жігіт бұл әрекетін хайп қуып, қызық үшін жасаған, деп хабарлайды ЭК.

Желіде жас жігіттердің "ВАЗ-2114 " маркалы Ресей автокөлігімен жолдастарын сүйреп жүргенін көрсететін видео тарады.

Тәртіп сақшылары оқиғаның Түркістан қаласындағы көшелердің бірінде болғанын анықтаған. Ол апат жағдайын туғызып, көлік жүргізу ережесін бұзған. Жолдасын көлікке байлап, біраз жолға дейін сүйреген. Құқық бұзған жүргізуші көп ұзамай қолға түсті.

"Мені дұрыс түсінбей қалыпты, ол жерде ешкім жарақаттанған жоқ және ешкімнің кінәсі жоқ. Оқиғаны өз еркіммен жасадым. Сондай видео түсіргім келді. Бірақ Түркістан халқы басқаша түсініп қалыпты" — деген құқық бұзушы көпшіліктен кешірім сұрады.

Ал тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жас жігітке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі және 606-баптың 1-бөлігі бойынша хаттама толтырды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров