Мемлекеттік компаниялар 880 млн теңгенің дивидендін төлемеген

Риза ИСАЕВА

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Бұл туралы Қаржы министрлігі хабарлайды, деп жазады ЭК.

Министрліктің дерегінше, мемлекеттік компаниялар мемлекеттік акция пакеттері үшін 880 млн теңгеден астам дивидент төлемеген.

"2021 жылдың қаңтар-мамыр айларына арналған жоспар бойынша мемлекеттік компаниялар 8,6 млрд теңге көлемінде мемлекетке дивиденд төлеуі тиіс болатын. Оның орнына 7,7 млрд теңге мемлекет қазынасына аударылған. Төленген дивидендтердің үлесі 90 пайызға жетпейді", — делінген Қаржы министрлігі сәрсенбі күні жариялаған 1 маусымдағы республикалық бюджет кірістері жөніндегі есепте.

Құжатқа сәйкес, корпоративті табыс салығын төлеу 97,5%-ке, акциздерді төлеу 97,4%-ке, импорт тауарларға ҚҚС — 97,3%-ке орындалған.

Салық түсімінде 11 позиция бойынша жоспар орындалмаған, 12 позиция бойынша асыра орындалған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров