Инвестициялық штаб отырысында бес айдың қорытындысы қаралды

Болат МӘЖИТ

primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминның төрағалығымен өткен Инвестициялық штаб отырысында биылғы бес айда инвестицияларды тарту бойынша атқарылған жұмыстар қорытындыланды, деп хабарлайды ЭК Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің айтуынша, бес айда тау-кен өндірісі өнеркәсібінен бөлек, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 25,5 пайызға өскен. Соның ішінде құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, ақпарат және байланыс, ауыл шаруашылығы, сауда, жылжымайтын мүлік операциялары, көлік және қоймалау секілді салаларда ілгерілеу бар екенін атап өтті.

Инвестиция тартуда Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Түркістан, Павлодар , Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды облыстары көш басынан көрінді. Ал Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында бұл жұмыстар баяу жүріп жатыр.

"Kazakh Invest" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов қазіргі таңда "Task Force" $9 млрд астам сомаға 36 жобаны пысықтап жатқанын айтты. Бұған қосымша тағы 15 жоба қарастырылуда.

Үкімет басшысы барлық мемлекеттік органға, өңірлердің әкімдіктеріне және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту жұмысын жүйелі негізде жалғастыруды тапсырды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров