Шымкентте заңсыз алкогольдік өнім шығарған төрт цех анықталды

Нұрболат АДЫРБЕК

Әлеуметтік желіден

Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу басқармасы суррогат алкогольді ішімдік шығаратын төрт жасырын цехтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды ЭК.

Еліміздегі Қаржы мониторингі агенттігінің ресми сайтының жазуынша, жасырын цехтардан түрлі маркалы 19 мың бөтелке алкогольдік ішімдік, 75 литр спирт, 13,4 тонна құрамында алкогольі бар сұйықтық табылған. Сондай-ақ, бухгалтерлік және бақылау маркаларының орамдары тәркіленген. Және контрафактілік өнімдерді толтыруға арналған түрлі құрылғылар анықталды.

Қылмыстың салдарынан Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 9 миллион теңгені құрап отыр. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 233-бабы, 2-бөлімімен (Акцизделетін тауарларды жалған акциздік маркалармен тіркеу және бақылау маркаларымен таңбалауды қолдан жасау және пайдалану тәртібі мен ережелерін бұзу) тергеу жүріп жатыр. Күдіктілердің бірі қазірдің өзінде кінәсін толығымен мойындап отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров