Футболдан Қазақстан премьер-лигасында көшбасшы ауысты

Бек ТӨЛЕУОВ

ФК «Тобыл»

Футболдан премьер-лиганың 17-турынан кейін Қостанайдың "Тобылы" бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды ЭК.

Премьер-лиганың 17-турының екінші ойын күнінде Қызылордада жеңіске жетті. Жергілікті "Қайсармен" кездескен Москаленко шәкірттері 3:1 есебімен басым түсті.

Бұл ойында екі команда 63-минутқа дейін 1:1 есебімең тең ойнап тұрды. Сосын қонақтар ойын тізгінін толықтай өз қолдарына алып, үш ұпай қол жеткізді. Екінші таймда Мирошниченко мен Роман Асранқұлов мергендік танытты.

Алматының "Қайраты" қатарынан үш матчта да өз пайдаларына шешті. Бұрынғы бас бапкері Шпилевский кеткен соң, олар "Тараз", "Тұран" және "Каспий" командаларынан үш ұпай еншіледі.

Ақтаудың "Каспий" командасы қатарынан бірнеше жеңіске қол жеткізіп, алғашқы 4 команданың қатарына қосылған еді. Бірақ соңғы 2 кездесуі сәтсіз ақталды. Бұған дейін өз алаңында көш соңында келе жатқан Қызылорданың "Қайсарынан" оңбай жеңілген болатын, Бұл жолы Алматыда "Қайраттан" да 5 гол жіберді.

Сондай-ақ бүгін Талдықорғанда "Атырау" қарсыласынан басым түссе, Түркістанда "Тұран" мен "Тараз" тең ойнады.

17-турдан кейін "Тобыл" турнир кестесінде көш бастады. Олардың еншісінде 38 ұпай бар. "Астана" да дәл солай. Бірақ олар қосымша көрсеткіштер бойынша "Тобылға" есе жіберіп тұр. Үшінші орынға көшбасшыдан 5 ұпайы кем "Қайрат" орналасқан.

17-турдың нәтижелері:

"Астана" (Нұр-Сұлтан) — "Ордабасы" (Шымкент) — 0:2

Голдар: Қайыров, 22 (0:1). Жоао Пауло, 24 (0:2).

"Ақтөбе" (Ақтөбе) — "Қызыл-Жар" (Петропавл) — 1:1

Голдар: Зорич, 69 (0:1).Логвиненко, 81 (1:1).

"Ақжайық" (Орал) — "Шахтер" (Қарағанды) — 1:1

Голдар:Ковталюк, 54 (1:0).Назаренко, 63-автогол (1:1).

"Жетісу" (Талдықорған) — "Атырау" (Атырау) — 1:2

Голдар: Гжельчак, 64 (0:1).Дмитриев, 75 (1:1). Сильва, 82 (1:2).

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров